USD
USD
USD

6 жасар балада С гепатиті анықталып, Алматы облысында тексеру басталды

Баланың әкесі КТК журналистеріне оқиғаның отбасының Түркияға барған сапарынан кейін басталғанын айтқан.

С гепатиті
Фото: Depositphotos

Астана, NEGE. Бала қатты жөтеліп, дене қызуы көтерілген. Отбасы Қазақстанға оралған соң, оның мұрнынан қан кетіп, шұғыл түрде Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген.

«Біз облыстық балалар клиникалық ауруханасына баланың мұрнынан қан кеткеннен кейін түстік. Талдау нәтижелерінен соң оған "иммундық тромбоцитопения" диагнозы қойылды. Кейін қан құйылды. Баламызға С гепатиті сол кезде жұқты деп есептейміз», – дейді әкесі.

Иммундық тромбоцитопения – сирек кездесетін аутоиммундық ауру. Әкесінің айтуынша, ауруханада балаға қажетті дәрі-дәрмек тағайындалып, кейін емін жалғастыру үшін Педиатрия ғылыми орталығына жіберілген.

Орталықта жүргізілген тексеру кезінде С гепатитіне жасалған ПТР-тест оң нәтиже көрсетті. Ата-анасы баланың инфекцияны қан құю кезінде жұқтыруы мүмкін екенін айтып отыр. Баланың әкесі Президент әкімшілігіне хат жолдап, жағдайды бақылауға алуды сұраған.

Оқиғадан кейін Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру бастады.

«Қазіргі уақытта медициналық құжаттар, медициналық көмек көрсету стандарттарының сақталуы және оқиғаның барлық мән-жайы зерделеніп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша түпкілікті шешім шығарылып, уәкілетті мемлекеттік органдар құқықтық баға береді», – деп хабарлады Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Әзірге баланың С гепатитін нақты қайдан және қалай жұқтырғаны ресми түрде анықталған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Ресей депутаты мигранттарды отбасымен бірге депортациялауды ұсынды

.

Дастан Сәтпаев «Челсимен» бірге бес матч өткізеді

Дастан Сәтпаев

​Астанада ер адам көлік иесінің көз алдында Valentino сөмкесін ұрлап кеткен

.

АҚШ-тың жаңа салығы Қазақстанға қалай әсер етеді: министрлік түсіндірді

Трамп