6 шілде жаңбыр, найзағай және аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 6 шілдеге арналған синоптикалық жағдай мен ауа райының қолайсыз құбылыстары туралы болжамын жариялады.
АЛМАТЫ, NEGE. Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік пен шығыста нөсер жаңбыр күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталық аймақтарында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік пен шығыста екпінді жел мен дауыл тұруы ықтимал. Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Өрт қаупі жоғары аймақтар:
Жоғары өрт қаупі: Маңғыстау, Атырау (батысы мен оңтүстігі), Алматы (оңтүстігі мен шығысы), Ақмола (батысы), Шығыс Қазақстан (оңтүстігі), Ақтөбе (оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы), Ұлытау (орталығы).
Төтенше өрт қаупі: Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары, Жетісу облысы, Алматы облысы (солтүстігі, батысы және орталығы), Қарағанды облысы (батысы, шығысы және оңтүстігі), Ұлытау облысы, Ақтөбе облысы (орталығы), Маңғыстау облысы (солтүстік-батысы), Қостанай облысы (оңтүстік-батысы), Абай облысы (оңтүстігі).
Күндізгі аптап ыстық:
Алматы облысында ауа температурасы 35°C, Атырау облысында 35-36°C, Жетісу облысының шығысы, солтүстігі және оңтүстігінде 35-37°C, Түркістан облысының оңтүстігінде 40°C, Ұлытау облысының оңтүстігінде 35°C, Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35-36°C болады деп күтіледі.
Тұрғындарға ауа райының күрт өзгерістеріне дайын болып, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау ескертіледі.