USD
USD
USD

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

Қаржы мониторингі агенттігі Жамбыл облысында Еnvida ai қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

ҚМА
Фото: ҚМА

Астана, NEGE. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, жоба өзін нақты активтерге инвестиция салатын халықаралық экожүйе ретінде таныстырған.

Жобаны ұйымдастырушылар салымшыларды тарту үшін WhatsApp мессенджерінде «Еnvida ai ежедневный пассивный доход» және «Еnvida ai супер новый проект ежедневный пассивный доход» деген атауымен топтар құрған. Топқа кіргендерге тұрақты жоғары табыс уәде еткен. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 370-тен астам салымшы тартылған.

Негізгі табыс жаңа салымшыларды кіргізу есебінен қалыптасып отырған.

Салымшылар Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарынан және Алматы қаласынан болған. 

Айта кетейік, Агенттік өкілдерінің хабарлауынша, тұрғындар қандай да бір ұйымның қаржы пирамидасына қатысы бар-жоғын «Baiqa, piramida!» Telegram-боты арқылы тексере алады.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат