6 қаржы пирамидасы 250-ден астам адамды алдап, 400 млн теңге пайда көрген
Шығыс Қазақстан облысында 6 қаржы пирамидасының жолы кесілді.
Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысында азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қорғау мақсатында алаяқтық схемаларға қарсы күрес күшейтіліп жатыр. Бұл туралы ШҚО ПД Киберқылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бекжан Малғаждаров мәлім етті.
- Соңғы екі жылда облыс аумағында 6 қаржы пирамидасының жолы кесілді. Республика аумағында «Chia Tai-Tianqing Pharmaceutical» және «Eolus» брендтерімен жұмыс істеген екі құрылымдық бөлімшенің басшылары сотталды. Тергеу барысында олардың фармацевтикалық компания мен шетелдік инвестициялық жобаларға қаражат тарту сылтауымен халықтан ақша жинағаны анықталды. Соның салдарынан 250-ден астам адам 400 миллион теңгеден астам шығынға батқан, - дейді ол.
Соңғы уақытта аймақта интернет-алаяқтық фактілері артып келеді. Ең кең тараған түрлеріне фишинг, жалған интернет-дүкендер, жарнама платформаларындағы жалған хабарландырулар, интернет арқылы бопсалау жатады.
- Алаяқтардың әрекеттеріне тән негізгі белгілеріне - олардың бірінші болып байланысқа шығуы, қаржы мәселесіне ерекше назар аударуы, құпия ақпаратты талап етуі, эмоциялық қысым көрсетуі және жылдам шешім қабылдауға итермелеуі жатады. Сол үшін күмәнді жобаларға ақша салмай, компаниялардың заңды мәртебесін тексеріп, жеке мәліметтерді жария етпей және күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына жүгіну қажет, - дейді Бекжан Малғаждаров.
Қазір оқып жатыр
Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды
Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек
Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты
Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті