USD
USD
USD

6 адам зардап шекті: Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысты

Алматының Алмалы ауданында жолаушылар автобусы тепловозмен соқтығысып, апат салдарынан 6 жолаушы зардап шекті.

Автобус пен тепловоз соқтығысты
Фото: t.me/almaty_my

Алматы, NEGE. Оқиға бүгін сағат 11:40-та болды. 

Полиция мәліметінше, жеке тасымалдаушыға тиесілі №88 бағыттағы автобус Әуезов көшесімен солтүстік бағытта Гоголь көшесінің солтүстігінде темір жол бойымен келе жатқан тепловозға соқтығысқан.

Алматы
t.me/almaty_my

Оқиға салдарынан автобустың алты жолаушысы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен

Астанада 4,4 млрд теңгенің пәтерлерін жалған үлескерлер арқылы иемденбек болғандар әшкереленді

Күдікті

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды: оған бес бап бойынша айып тағылды

Санжар Боқаев