USD
USD
USD

6-7 маусымда Астанада Astana Half Marathon-ға байланысты қозғалыс шектеледі

Астанада 7 маусым күні өтетін мерейтойлық Astana Half Marathon жарысына байланысты қала көшелерінің бірқатарында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Марафонға әлемнің 30-дан астам елінен шамамен 7 мың желаяқ қатысады деп жоспарланып отыр.

Астана
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қалалық әкімдік хабарлады.

Әкімдік мәліметінше, 6 маусым күні сағат 06:00-ден 7 маусым сағат 18:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылының Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс ішінара шектеледі.

Жарыс өтетін 7 маусым күні мына учаскелерде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады:

  • Сарайшық көшесі (Р. Қошқарбаев даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейін) – сағат 06:00-ден 07:30-ға дейін;
  • Д. Қонаев көшесі (Ақмешіт көшесінен «Қазақ радиосы» көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
  • «Қазақ радиосы» көшесі (Д. Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
  • Достық көшесі («Қазақ радиосы» көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
  • Ақмешіт көшесі (Сарайшық көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 08:10-ға дейін;
  • Ақмешіт көшесі (Бұқар жырау көшесінен Түркістан көшесіне дейін, EXPO халықаралық көрме орталығы маңында) – сағат 06:30-дан 07:25-ке дейін;
  • Түркістан көшесі (Ақмешіт көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) – сағат 06:35-тен 08:15-ке дейін;
  • Түркістан көшесі (Керей, Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін) – сағат 06:45-тен 08:20-ға дейін;
  • Сығанақ көшесі (Түркістан көшесінен И. Панфилов көшесіне дейін) – сағат 06:48-ден 08:40-қа дейін;
  • И. Панфилов көшесі (Ш. Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – сағат 07:00-ден 08:45-ке дейін;
  • Ж. Нәжімеденов көшесі (Ш. Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – сағат 07:14-тен 08:45-ке дейін;
  • Тәуелсіздік даңғылы (И. Панфилов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін) – сағат 07:00-ден 08:55-ке дейін.

«Көшелер жарысқа қатысушылардың өтуіне қарай кезең-кезеңімен ашылады. Көлік қозғалысы толықтай сағат 09:00-ге дейін қалпына келтіріледі», – делінген хабарламада.

сызба
gov.kz

Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда перзентханада ана мен бала көз жұмды

сәби өлімі

Қырғызстанның экс-премьері Данияр Үсеновтің ұлы Алматыда қамауда отыр

Данияр Үсенов

Құлыбаевтарға тиесілі Halyk Bank Бағдат Мусинге қатысы бар бизнесті сатып алды

.

Атырауда ойын-сауық саябағында аттракциондар өртенді

Өрт