USD
USD
USD

5-тен 11 жасқа дейінгі балаларға вакцина егу жоспарланып отыр

  Еуропадағы эпидемиологиялық жағдай күрделі. Ұлыбританияда тәулік ішінде 58 мың вирус жұқтырғандар анықталды.

5-тен 11 жасқа дейінгі балаларға вакцина егу жоспарланып отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Корольдіктің санитарлық қызмет өкілдері желтоқсан айының басында-ақ омикрон басымдыққа ие штамға айналуы мүмкін деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды euronews.com сайты. Ел билігінің хабарлауынша, үшінші вакцина омикронды жұқтыру қаупінен айтарлықтай қорғайды. Сондықтан оны салдыруға асығу керек. Португалияда 18-19 желтоқсан аралығында 5-тен 11 жасқа дейінгі балаларға вакцина егу жоспарланып отыр. Бірінші кезекте ол өзге де аурулары бар адамдарға егілмек.

Коронавирус инфекциясы тарай бастағалы 10 млн халқы бар Португалияда вирус жұқтырған 1,18 млн адам тіркеліп, 18,6 мың адам қайтыс болған. Германияның денсаулық сақтау саласы айтарлықтай қиындықтарды бастан өткеріп отыр. Елдегі ірі ауруханалардың бірі саналатын Мюнхен ауруханасындағы орындардың төрттен үшінде коронавирус жұқтырған науқастар жатыр. Бас дәрігердің сөзінше, вакцина салдырған адамдар саны көп болса, жағдай бүгінгіден әлдеқайда оңды болар еді. Жұмы күні ел Парламенті бірқатар кәсіп иелерін міндетті вакциналау туралы заң жобасын мақұлдады. Вакцина алуы міндетті кәсіп иелерінің тізімінде ауруханалар мен қарттар үйінің қызметкерлері бар.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела

Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Олжас Құспеков: Университеттер өндіріс сұранысына бейімделуі керек

Олжас Құспеков