USD
USD
USD

5G интернеттің Қазақстанға қашан қосылатыны белгілі болды?

5G интернет Қазақстанға 2024 жылы қосылады. Ол туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек хабарлады. 

5G интернеттің Қазақстанға қашан қосылатыны белгілі болды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазіргі уақытта 5G технологиясы бірнеше қалада ілкі режимде іске қосылған. Биыл аукцион өткіземіз. Сол аукционда бірнеше локацияны қамту міндеттемесі болады. 5G-дің қазіргі нұсқасы бүкіл елді мекенді толықтай қамтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бүгінде операторлармен локация бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді Асхат Оразбек елордада өтіп жатқан "Цифрлық Қазақстанға бетбұрыс" атты халықаралық форум аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бүгінде республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Түркістан 5G желісімен қамтылған.

"5G енгізу трафик тұтынудың шамадан тыс өсімімен қатар 4.0 индустриясының, ақпараттық технологиялардың, ақылды үйлердің дамуына алып келетіндігін түсінеміз. Әрине, бұл жасалуы тиіс тренд болып тұр. Оны операторлармен бірге жасаймыз. Мұны қалай жасау қажеттігіне қатысты нақты ұстанымыз бар", - деді вице-министр.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда шиномонтаж қызметкері дөңгелек жарылғаннан кейін қаза тапты

Шиномонтаж

PISA-2025: Қазақстан оқушылары қандай нәтиже көретті?

Сынып

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова