USD
USD
USD

5G интернет қауіпті ме?

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев адам денсаулығына ұялы байланыс антенналарының әсері туралы пікір білдірді.

5G интернет қауіпті ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Асқар Жұмағалиев Қазақстанда 5G құралы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында сынақтан өткенін атап өтті.

«Жабдықтар жұмысы интернетті өте жоғары жылдамдықта тарату мүмкіндігін көрсетті. Осы бағытқа бюджеттен қаржы ескерілмеген, себебі телекоммуникация желілерін дамыту байланыс операторлары қаржысы есебінен жүзеге асырылады», - деді министр.

Сондай-ақ, ол 5G-ден төнетін қауіпке қатысты өз ойын ашық айтты.

«Ұялы антенналардың адам денсаулығына әсеріне тоқталайын. Бір де бір антенна санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің рұқсатынсыз орнатылған жоқ. Әрбір базалық станцияға тиісті санитарлық паспорт беріледі. Тұрғын үйге ұялы антенна орнатылған кезде, ол арнайы талаптарға сәйкес орнатылады. Сондықтан тұрғындарға қорқудың еш қажеті жоқ. Тиісті медициналық ұйымдар бұл мәселені бақылап отыр», - деді Асқар Жұмағалиев.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі