USD
USD
USD

5 жасар Мадинаның отбасына үй әперу үшін қаражат жинау басталды

Суға батып кеткен қостанайлық 5 жасар Мадина Ерланқызының қазасы қалың елдің қабырғасын қайыстырды. Жомарт жандардың бастамасымен кішкентай қыздың анасы мен бауырларына баспана алып беру үшін қаражат жинау басталды. 

5 жасар Мадинаның отбасына үй әперу үшін қаражат жинау басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қостанай облысының тұрғыны Асылан Кенжетай Инстаграм парақшасында хабарлады.

"Соңғы 4-5 күн бүкіл қазақ елін Ерланқызы Мадинаның жағдайы бәрімізді алаңдатты. Жанымызды шүберекке түйіп, барлығымыз жақсы хабар күтіп отырдық. Енді өздеріңіз естігендей, осындай жаман хабар келіп жетті. Біз қазір Ерланқызы Мадинаның үйіндеміз. 41 шаршы метр шағын ғана 2 қабатты үйдің екінші этажында тұрмыз. Сбор ашамыз деп жатырмыз кешелі бері. Біздің алдымызда алаяқтар көп екен. Сондықтан ешкімге алданып қалмас үшін сіздердің алдарыңызға арнайы шығып тұрмыз", - деді Асылан Кенжетай. 

Айта кетейік, жылу жинауды бастаған қала тұрғыны жоғалған бүлдіршінді іздеуге қатысқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама