USD
USD
USD

5 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

  Шымкентте бес жасар бала 2-қабаттағы терезеден құлап кетті.

5 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 8 тамыз күні кешкі 22.30 шамасында әл-Фараби ауданы Терешкова көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылған. Жағдайы - орташа ауыр. Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметіне сенсек, есепті кезеңде қалада 3 бала осылай көпқабатты үйдің терезесінен құлаған. Оның ішінде бір бала қайтыс болды, қалған екеуі жарақат алып, ауруханаға түскен. Өткен жылмен салыстырғанда осы кезеңде терезеден құлауға байланысты жазатайым оқиғалар санының өскені байқалады. Полицейлер ата-аналарға барынша мұқият болып, балаларды қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.

Балалардың терезеден құлауының алдын алу үшін мына ережелерді сақтау керек:

- Терезені ашық қалдырмау керек, өйткені бір секундқа болсын алаңдап қалу баланың өміріндегі соңғы сәт немесе мәңгі жазым болып қалуы мүмкін.

- Терезе торын тиісті қорғаусыз қолдануға болмайды. Бала алдында белгілі бір кедергіні көреді және ол оған сенімді сүйенеді, ал оның салдарынан бүлдіршін бір жасар баланың да салмағын көтере алмайтын тормен бірге құлап түсуі мүмкін.

- Баланы терезенің жанында ойнап отырған кезінде қараусыз қалдыруға болмайды.

Қазір оқып жатыр

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика