USD
USD
USD

5 өңірде ескерту жарияланды

11 желтоқсанда ауа райының бұзылуына байланысты «Қазгидромет» РМК бірнеше өңірде ескерту жариялады.

5 өңірде ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік шығыстан соғып, күші 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с артады.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

11-13 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Тау асуларында жаяу бұрқасын болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық