USD
USD
USD

5 қазақтың емес, бар қазақтың ісі

Қазанда болған "қазақ-қытай қақтығысы" бірнеше отбасыны емес, қазақтың талай марқасқасын әуре сарсаңға салды. Бірнеше адам арасында тұтанған өрт сөнгенімен, шоғы өшпей тұр. Нәтижесінде қытай "қашып", қазақ жігіттерін сот әрлі-берлі тасып әбігер етті.    

5 қазақтың емес, бар қазақтың ісі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға басы 7 қазанда болған Алматы облысында жол салып жатқан қытайлық "Citic Construction" компаниясының базасында қазақ-қытай жұмысшыларынының жанжалынан өрбиді. Этникалық қазаққа жәбір көрсеткен қытайлықтарды жазаламақ болған 5 қазақ жігіт ұсталып, әлі күнге бостандыққа шықпады. Күні кеше Алматы облысында өткен сотқа жәбір көрген қытайлықтың бірі де келмей, сот отырысы 24 желтоқсанға шегерілді.

Оқиғадан соң "Citic Construction" ЖШС-не тексеру жүргізіліп, Қытай Халық Республикасының 70 азаматы заңсыз жұмыс істеп жүргендігі анықталған-ды. Олар көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстаннан шығарылды. 

Жоғарыда айтқан, қазақ жігітін жәбірлеген үш қытайлық Әкімшілік құқық бұзу кодексінің «бұзақылық» бабы бойынша жеңіл жазамен құтылып кетіп, ұлттық намысы үшін әділдік іздеген Қазақстанның бес азаматы Қылмыстық кодекстің екі бірдей ауыр баптарымен қамауға алынғанына жұрт наразы. Тіптен құзырлы орган кепілдік арқылы да, үй қамағына жібермей отыр.

Сотқа жиналған бір қауым ел отандастарымызға араша болып "бостандық" сұрады. Тіпті, олардың бірі аталған оқиғаға қатысты "бұл 5 қазақтың ғана емес, бар қазақтың ісі" деп пікір білдірді.  

Осы оқиғаның басы-қасында жүрген қоғам қайраткері Рысбек Сәрсебайұлы: "Елдің, мемлекеттің намысын жібермеуге біз халық дайынбыз. Ал, биліктің жайын осы сот отырысы көрсетеді" деді. 

Жігіттердің өзі халық үшін, намыс үшін жан қиюға даяр екендіктерін айтып, қолдау көрсетіп, тілекші болған халыққа алғыс білдірді. 

 

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

.

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

.

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жедел жәрдем

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

.