USD
USD
USD

59 келі марихуана тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткінің кезекті партиясын өртеді.

59 келі марихуана тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазан айының соңында «Қарасора» операциясы аясында Петропавлда 59 келіден астам марихуана тәркіленді. Қала көшелерінің бірінде Toyota Mark II автокөлігі тоқтатылып, тінту кезінде көліктің жүксалғышынан үш қап марихуана табылған. Көліктегі жолаушы есірткі қылмысына қатыстылығын мойындады. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сол жолы алынған 59 келіден астам марихуана прокуратура мен медицина қызметкерлерінің көзінше қаладағы қазандықтың бірінде жойылды.

«Есірткі заты 10 жұмыс күні ішінде жойылуы тиіс. Карантин шектеуіне байланысты арнайы комиссиядан басқа волонтер мен жастар ұйымдарынің өкілдері қатыса алмады. Біз оларды үнемі осындай акцияларға қатысуға шақырамыз. Нашақорлықтың алдын алуда, есірткі қылмысының профилактикасы негізінде – біз өмірлік ұстанымы жоғары жастарды жоғары бағалаймыз», - дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Жыл басынан СҚО-да заңсыз айналымнан 400 келіден астам түрлі есірткі алынды. Оның ішінде 350 кг жуығы марихуана, 1 кг 690 г – синтетикалық есірткі, сондай-ақ 372 г - героин

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт