USD
USD
USD

58 көпқабатты үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылды

Абай ауданында жалпы 453 көпқабатты тұрғын бар. Аудан әкімдігі өкілдері жыл басынан бері тұрғындармен 500-ден аса жиын ұйымдастырып, жаңа басқару жүйесі жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізген.

58 көпқабатты үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Атқарылған басқосулар өз нәтижесін берді. Бүгінде 297 көпқабатты үйде жай серіктестік және 58 үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді.

Мүлік иелерінің бірлестігі мен жай серіктестікті басқаруда көпқабатты тұрғын үйді жақсарту, таза ұстау, жөндеу және тағы басқа жұмыстардың қалай орындалып жатқаны анық көрінеді.

«Бір үй –бір бірлестік – бір есепшот» қағидасы арқылы тұрғындар өз үйін өзі күтіп ұстауға ақша жинап, жиналған ақшаны қайда және қалай жұмсауды басқару мүмкіндігі бар.

МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) құрылғанда екі есепшот ашылады. Олар ағымдағы және жинақ шоты. Ағымдағы шот есебінен күнделікті тазалау, жинау, жуу қызметінің ақысын төлеп отыруға жұмсалады.

Ал жинақ шотына ұзақмерзімді уақытқа ақша жинап, тұрғын үйді жөндеу, шатырын ауыстыру сияқты жұмыстарды істейді. Жинақ шотына түскен қаражат есебінен көппәтерлі үйлерде күрделі жөндеу жұмысын да атқаруға болады.

Қала тұрғындарынан көпқабатты үйлерді басқарудың жаңа жүйесін қолдауға шақырамыз. Жаңа жүйе аулаларды абаттандыруға, күрделі жөндеу жүргізуге қатысты мәселелерді уақыт өткізбей, түбегейлі жойып, жауапкершілікті арттырады.

Қазір оқып жатыр

Жарты жылға созылған жөндеу: қытайлық көліктер сервисі неге ақсап тұр?

авто

«Қаржыландыру қысқарса, әлемде ВИЧ індеті қайта өршуі мүмкін» – БҰҰ

ВИЧ

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.