USD
USD
USD

577,4 мыңға жуық адам Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысты

Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 577,4 мың адам қатысты. 398,3 мың адам жұмысқа орналасса, 220,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Kazinform.

577,4 мыңға жуық адам Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Субсидияланатын жұмыс орындарына 177,9 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 16,7 мың адам, жастар практикасымен 26,1 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 113,5 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 7,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 390 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 13,7 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 40,1 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 36,6 мыңы оқуды аяқтады", - деп жазды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 123,8 мың адам қамтылды, оның ішінде 93,1 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 95,3 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК
(1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан 5397 грант берілді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары