USD
USD
USD

«56 мен 57 жаста»: Ақмолада 12 жастағы қызды зорлап келген ер адамдар тергеліп жатыр

Ақмола облысында 12 жастағы қызға 56 және 57 жастағы екі ер адамға қатысты зорлық-зомбылық көрсетті деген айыппен тергеліп жатыр, – деп жазды aikyn.kz. 

Полицей
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. 1967 жылы туған күдіктінің бірі – қыздың анасы тұрған пәтердің иесі. 12 жастағы қыздың сеніміне кіріп, алдап орманға апарған. Артынша, азғындық істеген күдікті жағдайдың ешкімнің құлағына жетпеуі үшін қызды бопсалаған. Егер зорланғанын біреуге айтар болса, үлкен әпкесін де қорлап, бүкіл қалаға жаман аттарын жаятынын айтқан. Кейінірек ер адам қызға ақша беріп, электронды темекі сатып алып берген. Кейіннен күдікті осы ісі туралы 1968 жылы туған көршісіне баяндаған. Бұл жағдайды пайдаланған көршісі де, жасөспірімді пайдаланған.

Айтуға ауыз бармайтын оқиға туралы қыздың жақындары кездейсоқ қыздың ашық тақырыптағы күдіктілердің бірімен хат алмасуын тапқаннан кейін ғана байқаған.

Жасөспірімнің қазіргі психологиялық жағдайы – мәз емес. Жәбірленушінің отбасы осы жағдайды жасырып жабу үшін ақша ұсынғандардың болғанын айтып шағымданған.

Тергеу Ақмола облысы Полиция департаменті тергеу басқармасына берілді. Құзырлы орган күдіктілердің ешқайсысы ресми түрде құқық қорғау органдарымен байланысты емес екенін атап өтті. бірақ "Не молчи" мәліметтері бойынша құқық қорғаушылар қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға тырысқандарын мәлімдейді.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев