USD
USD
USD

5-11 жастағы балаларды вакциналау науқаны басталды

 Перуде оқушылар онлайн оқудан кейін мектепке қайта оралды. 

5-11 жастағы балаларды вакциналау науқаны басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кәмелетке толмағандар Pfizer компаниясының препаратын қабылдайды. Ең алдымен вакцинаны сирек кездесетін, сондай-ақ созылмалы аурулары бар және қатерлі ісікке шалдыққан балалар балалар алады. Билік алдағы уақытта 5 пен 11 жас аралығындағы 4 миллионнан аса бүлдіршін екпе салдыруы тиіс деп жоспарлап отыр. Сондай-ақ наурызға дейін вакцинаның бустерлік дозасын қабылдаған мұғалімдердің үлесін 90 процентке жеткізуге ниетті.

– 5 жастан асқан балалардың вакцина салдыра алатыны жақсы болды. Өйткені сабақ қайта басталды. Екпе оқушыларды қорғайды.

– Үйдегілердің барлығы вакцина салдырған. Енді қызыма да осындай мүмкіндік бұйырды. Дұрыс болды. Әйтпесе ол вирус жұқтырып ала ма деп қатты алаңдайтынмын. Ал Таиландта да 5 пен 11 жас аралығындағы балаларды вакциналауға дайындық жүріп жатыр. Науқан келесі аптада басталады. Жасы одан үлкен жеткіншектер былтыр күзден бері екпе салдырып жатыр.  

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела

Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Олжас Құспеков: Университеттер өндіріс сұранысына бейімделуі керек

Олжас Құспеков