USD
USD
USD

«5-10-20» бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау қашан басталады?

Алғашқы легінде 1986 жылдан бастап үй кезегінде тұрғандарды пәтермен қамту көзделіп отыр.

«5-10-20» бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау қашан басталады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Келесі аптада "5-10-20" тұрғын үй бағдарламасы өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. 

"Әкімдік дайындаған арнайы тізім негізінде азаматтарға СМС хабарлама жолданады", дейді жауапты мамандар.

Жылдар бойы үй кезегінде тұрғандардың үмітіне айналған "5-10-20" бағдарламасы 1 шілдеден басталуы керек еді. Алайда бюджеттен қарастырылуы тиіс 210 млрд теңгенің 90 млрды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ендігі аптада бірақ аударылмақ.

"Біз аптаның басында бұрыннан кезекте тұрған азаматтарға SMS-хабарлама жолдаймыз. Олардың бізде жасақталған тізімі бар. Біріншіден, кезекке қашан тұрғаны маңызды. Сол үшін біз бұрыннан пәтер кезегінде тұрған отбасыларға хабарлайтын боламыз. Біз олардың құжаттарын қабылдап, талаптарды түсіндіреміз. Бағдарламаның келесі легі қыркүйек айында", - дейді "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

"5-10-20" бағдарламасымен 16 мың отбасын баспанамен қамту жоспарлануда. Ләззат Ибрагимованың айтуынша, алғашқы 90 млрд теңге шамамен 7-8 мың адамға жетеді. Осы орайда, пандемияның салқыны тұрғын үйден бөлек, коммерциялық жылжымайын мүлік саласына да ажептауір өзгеріс алып келіпті. Былтырғы жылдың маусым айымен салыстырғанда биыл мейрамханалар мен өзге де қоғамдық тамақтану орындарын жалға беру 6,8%-ға арзандаған.

Коммерциялық бағыттағы нысандар мен жылжымайтын мүліктерді жалға беру Ақмола облысында −8,4%, Маңғыстау облысында −6,3%, Атырау облысында −8,2% және Шығыс Қазақстанда −5,6%-ға арзандаған. Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында жалға беру бағасы керісінше көтерілген.

Сарапшылардың сөзінше, карантин кезінде сондай-ақ үйді кеңейтуге шешім қабылдағандар көп екен. Тіпті жер үйге қоныс аударғандардың да қарасы артқан.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.

Қазақстандық салымшы зейнетақы шотынан ақшасы жоғалып кеткенін айтып, шағымданды

БЖЗҚ

Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті жеңісімен құттықтады

Дина Исламбекова, Надежда Рябец

Түркістан облысында тұрғындар Қызыл кітапқа енген қызғалдақты көлікпен таптаған

қызғалдақ