USD
USD
USD

+51 градус: Абадан – әлемдегі ең ыстық қала атанды

Иранның оңтүстігінде орналасқан Абадан қаласында ауа температурасы +51°C-қа жетіп, әлемдегі ең ыстық қала ретінде тіркелді. Бұл туралы Zamin.uz басылымы Eldorado Weather дерегіне сүйене отырып хабарлады.

Ыстық күн
Фото: ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Сарапшылардың айтуынша, мұндай аптап ыстық – жаһандық жылынудың айқын көрінісі. Абаданмен қатар Иранның тағы үш қаласы — Омидия, Ахваз және Дезфул да қазіргі уақытта әлемдегі ең ыстық 15 қаланың қатарына кіріп отыр.

Метеорологтар ауа температурасының бұлайша шектен тыс көтерілуін атмосферадағы ылғалдылықтың азаюымен және ыстық ауа ағындарының күшеюімен байланыстырады. Мұндай жағдайлар адам ағзасына ауыр салмақ түсіріп, әсіресе денсаулығы әлсіз жандар үшін қауіпті болуы мүмкін.

Кішкентай балалар, қарттар мен жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар ерекше қауіп тобына жатады.

Мамандардың болжауынша, алдағы күндері де аптап ыстық жалғасуы мүмкін. Осыған байланысты өңір тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік талаптарын сақтау ескертілуде.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

аурухана

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытай

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

ERG

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

Кенші