USD
USD
USD

50-ден астам адамды алдаған павлодарлық әйел Краснодарда ұсталды

50-ден астам азаматты алдаған павлодарлық әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

50-ден астам адамды алдаған павлодарлық әйел Краснодарда ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Павлодар облысының жедел қызметкерлері көрші мемлекеттегі әріптестерімен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген Павлодар қаласының тұрғынын Краснодар қаласындағы жалдамалы пәтерде ұстады.

– 2021 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы қазан айына дейінгі уақыт аралығында 47 жастағы павлодарлық әйел бизнесті дамыту және қарттар үшін ақылы пансионат ашу сылтауымен жалпы сомасы 400 млн теңгедей қаражатты иеленгені анықталды. Қазіргі уақытта “қашқын” Краснодар қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Сот іздеуде жүрген адамға қатысты 40 тәулік мерзімге экстрадициялық қамауға алуға санкция берді, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Айта кету керек, криминалдық полицияның сот төрелігі органдарынан жасырынған және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай