50 жастан асқан азаматтар «Күміс жас» жобасына қатыса алады
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуға бағытталған «Күміс жас» жобасына қатысушылардың контингенті мен қатысу кезеңі кеңейтілетін болады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Алматы, NEGE. Оған 50 жасқа толған қазақстандықтар 3 жылға дейін қатыса алады.
Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыру шеңберінде жұмыс берушілер мемлекеттен белгіленген жалақы мөлшерінің 50%-ына субсидия (бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) көп емес) ала отырып, зейнеткерлік жасқа дейінгі (58 жастан бастап) адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құрады. Бұл ретте жұмыстың ұзақтығы 12 айдан аспайды.
2023 жылдан бастап «Күміс жас» жобасына қатысушылар контингентіне 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар енгізіледі, қатысу мерзімі 36 айға дейін, сондай-ақ қатысушылардың жалақысы бойынша субсидиялар мөлшері ұлғайтылады.
Субсидиялар мөлшері: жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.
Сонымен қатар жоба аясында «жеке көмекші» және «әлеуметтік қызметкер» кәсіптері бойынша жұмыс орнын алу мүмкіндігі пайда болады.
«Күміс жас» жобасын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен жыл сайын кемінде 15 мың адамды қамту жоспарлануда.
Қазір оқып жатыр
2,6 млрд теңге субсидия заңсыз алынған: экс-депутаттың ісі сотқа жолданды
«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады
Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін
«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды