USD
USD
USD

50 шетел азаматы бар автобус жолда қалды

 Ақтөбе облысында Самара-Шымкент автожолында шетелдіктер мінген автобус бұзылып қалды,

50 шетел азаматы бар автобус жолда қалды
Фото: NEGE.kz

 – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы, NEGE.  Полиция мәліметіне сәйкес, автобустың артқы аспасы сынып, дәнекерлеу қажет болған. Салонда 54 адам, олардың ішінде 50 Өзбекстан, 4 Тәжікстан азаматы болған. Автобус Пермь қаласынан Өзбекстанға бара жатқан. Алайда көлік сынған соң, жолаушылар бірнеше сағат жолда тұрып, адамдар суық салонда жаурай бастаған.  Полицейлер барлық жолаушыны жақын маңдағы кафесі бар жанармай құю станциясына жеткізіп, оларға ыстық шай берді.

Одан әрі дәнекерлеу құралын тауып, ақауларды жоюға көмек көрсетті.  Автобус жөнделгенімен, бірнеше жүз шақырым өтіп Ырғыз ауданы маңында қайта сынған. Полицейлер ТЖД қызметкерлерімен бірге оларға көмектесіп, жолаушылар мен автобусты кемпингке жеткізді. Кейін көлікті бірге жөндесіп, Қызылорда облысының шекарасына дейін шығарып салды. 

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама