USD
USD
USD

50 мыңға жуық тұрғыны бар елді мекендерге су жеткізіледі

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында шағын аудандарды таза ауыз сумен жабдықтау мәселесі қала әкімінің күн тәртібіндегі басты міндет болып отыр.

50 мыңға жуық тұрғыны бар елді мекендерге су жеткізіледі
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2023 жылы халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Осы межеге қол жеткізу үшін елді мекендерге тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспар бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен жабдықтау көрсеткіші 95,6%-ды құрайды. Яғни, қаладағы 81 елді мекеннің бесеуі кестемен, жетеуі тасымалды ауыз сумен, ал 69-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Осы жылы 3 магистралды суаққы, тасымалды суды пайдаланатын 7 елдімекен және ауыз су кестемен берілетін 2 елдімекеннің құрылысы аяқталып, 25,6 мың адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Нәтижесінде, қамтылу көрсеткіші 98 пайызға өседі.

Шымкент қаласының Солтүстік Батыс бөлігінде орналасқан елдімекендерді ауыз сумен қамту мақсатында жалпы ұзындығы 30 шақырымнан астам болатын үш магистралды суаққының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Аталған магистралды су құбырының құрылысы аяқталса Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алаптары, яғни онда тұратын 50 мыңға жуық тұрғын толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып алдағы жылдары қала тұрғындары тіршілік нәрімен толық қамтылатын болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар