USD
USD
USD

50 мың теңге әлеуметтік көмек беріле ме?

Әлеуметтік желіде мемлекеттен 50 мың теңге әлеуметтік көмек алу үшін алдын ала төлем жасау қажеттілігі туралы ақпарат тарап жатыр.

50 мың теңге әлеуметтік көмек беріле ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпаратты теріске шығарды. 

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған 50 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қызметтер үшін болжам бойынша 3 120 теңге көлемінде төлем жасау қажеттілігі туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", – дейді министрліктің баспасөз қызметі. 

Министрлік әлеуметтік төлем туралы қажетті ақпараттарды ресми ақпарат көздерінен ғана алуды өтінді. 

"Біз азаматтардан фейктерге мән бермеуді және ақпараттарды тек ресми ақпарат көздерінен пайдалануды сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланады", - деп түсіндірді министрлік.

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева