USD
USD
USD

500-ге жуық Түркістандық отбасы Солтүстікке көшеді

Түркістан облысынан 500-ге жуық отбасы Солтүстікке көшеді. Бұл туралы Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

500-ге жуық Түркістандық отбасы Солтүстікке көшеді
Фото: NEGE.kz

Түркістан, NEGE. Сәуір айының 19-21 күндері Түркістан облысынан Солтүстік өңірлерге «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті. Мақтаарал ауданында басталған жәрмеңке, Сайрам ауданында жалғасып, Түркістан қаласында қорытындыланды.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарынан арнайы келген 76 маман Сарыағаш, Келес, Сайрам, Ордабасы аудандарын аралап, әр сала бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды.

«3 күннің ішінде 500 отбасы, мүшелерін қоса есептегенде 2000-ға жуық түркістандық теріскейге көшуге ниет білдіріп отыр. Жалпы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында 2015 жылдан бері Түркістан облысынан еліміздің жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, 2015-2022 жылдар аралығында облыстан 12 000 жуық адам қоныс аударған»-деді Нұржан Нұрашов.

Бұл бағытта биыл да республика бойынша 6727 квота бөлініп отыр. Қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін Абай, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары белгіленген. Бөлінген квота негізінде, жыл басынан бері Түркістан облысынан 34 отбасы қоныс аударған.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе