USD
USD
USD

500-ге жуық мас жүргізуші ұсталды

 Атырау облысында жыл басынан бері 500-ге жуық мас жүргізуші ұсталды.

500-ге жуық мас жүргізуші ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері рульге мас күйде отырған 500-ге жуық жүргізуші жазаланған. «Мәселен, 8 қазанда сағат 02:30 шамасында жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Атырау қаласындағы А.Владимирский көшесінде күдік тудырған «Toyota RAV4» маркалы автокөлігін байқаған. «Патрульдік полиция қызметкерлері аталған көлікті тоқтатып, тексеру жүргізгенде рульдегі 1981 жылғы жүргізушіден ішімдіктің иісі шыққан.

Медициналық сараптаманың қорытындысымен 40 жастағы әйелдің жеңіл дәрежедегі мас екені анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Мас жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен рульге мас күйде отырған әйел 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 күнге әкімшілік қамауға алынды. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір түнде ұсталған 9 мас жүргізуші қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары