Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шетелден келген 500-ге жуық қазақстандықтың ПТР-анықтамасы жоқ

27 ақпанда Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 23 халықаралық әуе рейсі ұшып келді.

Шетелден келген 500-ге жуық қазақстандықтың ПТР-анықтамасы жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, өткен бір тәулікте елімізге барлығы 2 908 жолаушы ұшып келді. Олардың 2435-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 473-і анықтамасыз келді, барлығы Қазақстан азаматтары.

Атап айтқанда:

- Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 058 жолаушы, анықтамамен - 1 793, анықтамасыз - 265;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 473 жолаушы, анықтамамен - 415; анықтамасыз - 58;

- Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 234 жолаушы, анықтамамен - 84; анықтамасыз - 150;

- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 143 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сондай-ақ 26 ақпанда шетелден анықтамасыз келген 339 азаматтың  ПТР-талдау нәтижелері шықты. Жолаушылардың ешбірінде коронавирус анықталған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел