USD
USD
USD

500-ДЕН АСТАМ КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША АТТЕСТАЦИЯЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласында қызмет барысында жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

500-ДЕН АСТАМ КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША АТТЕСТАЦИЯЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжановтың мәлімдеуінше, жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз ету бойынша бүгінде қаладағы 17 кәсіпорында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілді.

«Vision Zero – Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша қаладағы 52 кәсіпорынмен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Шаһардағы кәсіпорындар мен мекемелерде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Бүгінде қаладағы 1452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері зиянды және қауіпті 516 жұмыс орындарына еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді.

Сондай-ақ, қаладағы 112 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген. 3 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылды.

Айта кетсек, есепті кезеңде 24 жазатайым оқиға орын алып, 33 адам зардап шекті. Оның ішінде, қайтыс болғандар – 5, ауыр жарақат алғандар – 19, жеңіл жарақат алғандар – 9.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек