USD
USD
USD

500 жұмысшы мен Мәскеуден келген 212 студент карантинге орналастырылады

Ақтөбе облысында «Теңізшевройл» (ТШО) ЖШС 500 жұмысшысы мен Мәскеуден келген 212 студент карантинге орналастырылады, деп мәлім етті денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

500 жұмысшы мен Мәскеуден келген 212 студент карантинге орналастырылады
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Бүгін облысқа «Теңізшевройл» ЖШС кәсіпорнының 500 жұмысшысы келіп жатыр, олар вахталық тәсілмен жұмыстан келе жатқандар және Мәскеуден 212 студент келеді. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің шешімі бойынша олардың барлығы облыс орталығындағы бес карантиндік стационарға жатқызылады, сөйтіп коронавирустық инфекцияға тест алынады, және ол теріс болып шыққан жағдайда ғана келесі күні үйлеріне шығарылады, бірақ үй жағдайында карантин талаптарын сақтайтын болады», - деді сәрсенбіде Қалиев.
Ағымдағы апта бойы вахталық жұмыстарын аяқтаған ТШО 1800 жұмысшысы қайтарылатын болады, және олардың әрқайсысы бас санитарлық дәрігердің шешімі бойынша коронавирусқа тексеріледі.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті