USD
USD
USD

500 мыңнан астам қазақстандық қарызын өтей алмай жүр

Қазақстанда жарты миллионға жуық азамат бірнеше жылдан бері несиесін өтей алмай жүр. Алайда банкроттық рәсіміне жүгінуге көпшіліктің батылы бармай отыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, бұған заңдағы кемшіліктер себеп.

Мадина Әбілқасымова
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Қазақстанда 500 мыңнан астам азаматтың несиесі 2 жылдан 5 жылға дейін өтелмей келеді. Соған қарамастан, олардың басым бөлігі банкроттық рәсімін қолдануға құлық танытпай отыр.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова бұл жағдайдың себебі заңдағы олқылықтарда жатқанын айтты. Оның сөзінше, бүгінге дейін банкроттық механизмін небәрі 70 мыңға жуық адам ғана пайдаланған. Ал берешегі қордаланып, тығырыққа тірелгендердің саны бұдан бірнеше есе көп.

«Негізгі себебі, яғни осы норманың ең үлкен кемшілігі – банкрот  деп танылған азамат 5 жыл бойы қайта несие ала алмайды. Сондықтан көптеген азамат бұл механизмді қолданбайды», – дейді ол.

Бұдан бөлек, Мадина Әбілқасымова соттан тыс банкроттыққа қойылатын талаптардың тым қатаң екенін мойындады. Айтуынша, борышкердің атында мүлкі болмауы және табысы ең төменгі жалақының екі мөлшерінен аспауы керек. Бұл талаптар көп адамға кедергі болып отыр.

Әбілқасымова бұл мәселе өткен жылы көтеріліп, заңға бірқатар өзгеріс енгенін атап өтті. Егер азаматтың берешегі 5 жылдан асып кетсе, онда мүлік пен табысқа қатысты шектеулерді сақтамауға да болады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Әділет Алмат

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді

бағасы