USD
USD
USD

5 тәулікке қамалып шыққан Тұрсынбек Қабатов концерт берді

Танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов Астана күні қарсаңында жеке шығармашылық кешін берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Қабатов
Фото: instagram.com/moldir.mt

Алматы, NEGE. Айта кетейік, өнер иесі бұған дейін ұшақта бортсерікті балағаттағаны үшін бес тәулікке қамалған еді.

“Осы концертіме бес күн дайындалдым. Әдейі телефонды өшіріп, ешкіммен сөйлеспей жалғыз өзім дайындық жасадым. Енді концертіне дайындалу үшін Қайрат кетті”, – деп әзілдеді актер.

Әзілкештің әйелі де жазба жариялап, жолдасына қолдау білдірді. Аншлагпен келген көрерменге алғыс айтты.

“Көрерменге деген құрметі қандай десейші?! Бүгінгі концерттен үзінді.
Халық жақсы көрмесе, зал лық толмас еді. Барлық келген көрерменге мың алғыс. Айтпақшы, айта кетейінші. Сынақ болуы болды ғой. Менің байқағаным, халық тарапынан қолдаушылар саны көп болды. Жақсы жазған жандар, сіздерге жақсылық еселене келе берсінші. Рақмет баршаңызға”, – деп жазды блогер Мөлдір Мұқанова.

 

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева