5 маусымнан бастап зейнетақы жинағының жеткілікті шегі өседі: нені ескеру қажет?
Ертең, 5 маусымда зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін анықтаудың жаңартылған қағидалары қолданысқа енгізіледі.
Астана, NEGE. Бұл ретте Отбасы банк зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалануды жоспарлаған салымшыларына өтінімді қолданыстағы шарттар бойынша рәсімдеп үлгеруге кеңес берді.
«5 мауымнан бастап зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі ресми түрде көтерілетінін еске саламыз. Сондықтан бүгіннен қалдырмай enpf-otbasy порталына (зейнетақы жинақтарын пайдалану платформасы) кіріп, өтініш беріп қоюды сұраймыз», – дейді банк өкілдері.
Еске салсақ, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 23 пен 35 жас аралығындағыларға және 35 пен 63 жас аралығындағыларға шек 79%-ға дейін өсетінін мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, жаңа әдістемеге сәйкес, жеткілікті шекті есептеу барысында азаматтың жасы, күтілетін өмір сүру ұзақтығы, ең төменгі жалақы мен ең төменгі зейнетақы мөлшері, сондай-ақ зейнетақы активтерінің табыстылық көрсеткіштері назарға алынады.