USD
USD
USD

4 жасар бала терезеден құлап кетті

Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінде бесінші қабатта орналасқан пәтер терезесінен 4 жасар бала құлап кетті. Сәби түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

4 жасар бала терезеден құлап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 1 тамыз күні сағат 23: 40-та Қарағандыда көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтердің терезесінен 2017 жылы туған бала құлап түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, бала ересектердің қарауынсыз қалған. Ол Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді.

«Балада біраз жарақат бар - жабық кеуде жарақаты, оң жақ өкпенің көгеруі. Екі аяғы бірнеше жерден жарақаттанған. Иек аймағының көгерген жарасы. Іштің жарақаты. Жағдайы тұрақты, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың айтуынша, ересектер қарауынсыз қалу - балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себебі болып отыр.

Осыған байланысты облыстың ТЖД қызметкерлері ата-аналардан кішкентай баласын мұқият қадағалауды, оларды терезесі ашық үйде жалғыз қалдырмауды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт