16 Мамыр 11:31
...

4 пайыздық автонесиеге өтініш беру басталды

Фото:

Бүгін, 16 мамырда жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау басталды.

Алматы, NEGE. Бүгіннен бастап отандастарымыз жеңіл автонесиелеуге өтініш бере алады. Бұл үшін өнеркәсіпті дамыту қоры екінші деңгейлі 5 банкпен келісім жасады.

Елімізде жеңіл автонесиелеу бағдарламасы бұған дейін де болған. Ол 2015 жылы іске қосылған еді. Үкімет бөлген 80 млрд теңге банктердің айналымына түсіп, 150 млрд дейін өсті. Осылайша 30 мың көлік иесін тапты. Сол тұста бағдарламаға 5 банк қатысқан. Міне өнеркәсіпті дамыту қоры осы қаржылық ұйымдармен қайта келісім орнатты. Бұл жолы утиль алым есебінен тағы 100 млрд теңге қарастырылған. Әрі қаржылық ұйымдарға қосымша талап қойылды. Қазақстанда құрастырылатын жеңіл көліктерді жеңіл несиемен қамтудың өз шарты бар.

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында елде 23 мыңға жуық отандық көлік сатылды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,5 процентке аз. Автонарықты сараптау және мониторинг жүргізу орталығының мәлімдеуінше, елде қалыпты жағдайда ай сайын 10 мың көлік сатылатын. Алайда жылдың басында бұл көрсеткіш құлдырап кетті. Тек наурыздан бастап қайта қалпына келген. Бізде ғана емес, сәуірде әлемдегі жаңа көліктердің сатылымы 25 процентке төмендеді. 

Тегтер: