USD
USD
USD

4 оқушыны қағып кеткен жүргізушіге қатысты іс сотқа жолданды

2 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аумағында 54 жастағы жүргізуші мас күйінде 8-9 жастағы 4 оқушыны қағып кеткен еді. 

4 оқушыны қағып кеткен жүргізушіге қатысты іс сотқа жолданды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 3 қыз емдеу мекемесіне жатқызылды. Кейін, алған жарақаттан екеуі қайтыс болды. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігімен (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан алкогольдік масаң күйде көлік құралын жүргізу) сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған баппен ең жоғарғы жаза 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

    Автокөлік құралының жүргізушісі қамауға алынды, барлық қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, тергеу процесстік мерзімде аяқталды.

    28 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы айыптау актісімен қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдады.

Қазір оқып жатыр

Игорь Лепеха ішкі істер вице-министрі қызметінен кетті

Игорь Лепеха

Жолдау: инфрақұрылымдық жаңғыру және Қазақстанның транзиттік әлеуеті

Айсұлу Қоспанова

Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» компаниясын басқаратын болды

Ерсайын Нағаспаев

Қазақстандықтардың жеке деректері тарағаны рас па? Мәдиев жауап берді

Киберқылмыс