USD
USD
USD

4 наурызға арналған ауа райы болжамы қандай?

Қазгидромет аймақтарда 4 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

4 наурызға арналған ауа райы болжамы қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты ауа райы болып, солтүстік-батыс циклонымен байланысты болатын белсенді фронтальды бөлімдері әсер етеді. Циклон батыстан шығысқа қарай жылжи бастағандықтан жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, екпінді жел, солтүстік аймақтарда бұрқасын болжанады.

Республиканың оңтүстік бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Еліміздің батысында ауа температурасы түнде 0-10 градус суық, күндіз 0-11 градус жылы болады. Оңтүстік-батыста күндіз 7-15 градус жылы ауа райы сақталады. Ал солтүстік-батыс, солтүстікте түнде 5-15 градус, ал күндіз 8 градусқа дейін аяз сақталады. Елдің орталық және шығысында 12 градусқа дейін аяз болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста күн 15-24 градусқа дейін жылынады, – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті