USD
USD
USD

4 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды

Ақмола облысында 4 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

4 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде ӘҚБтК-нің 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзған жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қозғалысы қатысушыларына қатысты 4 мыңнан астам хаттама мен 600-бап (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) бойынша жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізушілерге қатысты 1 мыңнан астам хаттама толтырылды.

«Жаяу жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына қозғалыста басымдылық берілген көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жол бермегені үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Қайта бұзушылық 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен қатар, әкімшілік өндірістің бірыңғай реттілігіне сәйкес, өткен кезеңде полиция қызметкерлері мас күйде көлік құралын жүргізген 600-ден астам жүргізушіні анықтады, 1053 ақмолалық көлік жүргізу құжатынсыз жүргізіп ұсталды», - деп жазды ведомство.

Қазір оқып жатыр

«Кәсіби маман»: Аида Балаева журналист Гүлнар Бажкеноваға қатысты пікір білдірді

Гүлнар Бажкенова

Астанада екінші әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады

Астана әуежайы

Қазақстанда AI мамандарын даярлайтын жаңа университет ашылады

Жаслан Мәдиев

Жаңа ақпараттық жүйелерді әзірлеуге мораторий енгізілді – Мәдиев

комиссия