USD
USD
USD

4 мың ақылы тұрақ қайдан ашылады?

Елордада жыл соңына дейін 4 мың тұрақ орны ақылы жүйеге көшеді, деп хабарлайды Елорда инфо.

4 мың ақылы тұрақ қайдан ашылады?
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Көлік тұрағы кеңістігінің» баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында ақылы тұрақ орындары 2018 жылдың 15 қаңтарынан бастап қолға алынды. Жыл басынан бері тұрақ жүйесінің қызметін 19 мыңнан астам автокөлік иелері пайдаланды. Ал тұрақ ақысын төлеуден жалтарған пайдаланушыларға 160 млн теңге көлемінде 31 мыңнан астам айыппұл салынған. «2019 жылдың соңына дейін тағы 4 мыңнан астам көлік тұрағы ақылы жүйеге көшеді. Ақылы орындарды тестілеу кезінде көлік иелері жаңа жүйенің жұмысымен танысуы үшін тұрақ орнына төлем алынбайды. Халықаралық жүйе бойынша жабдықталған ақылы тұрақ Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарында ашылады» делінген хабарламада.

 «Ақылы тұрақтың басты мақсаты – көше-жол желісінде жүктемені азайту. Жобаны жүзеге асыру жолдардағы проблемалы учаскелерді жеңілдетуге және жол қозғалысының қауіпсіздігін айтарлықтай арттыруға көмектеседі. Ақылы жүйе іске қосылғалы бері әрбір тұрақ орнының айналымдығы 3 есе өсті», – дейді «Көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС-ның жетекшісі Шыңғыс Досыбаев.

Автотұрақ аймақтарын фото-видео тіркеу құралдарымен жабдықталған арнайы көліктер патрульдейді. Тұрақ ақысын төлемегендер мәліметі әкімшілік полицияға беріледі. Көлік тұрағын төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл 3 АЕК-ті (7 215 теңге). Жеңілдігі бар азаматтар тұрақ үшін ақы төлеуден босатылады. Демалыс және мереке күндері автотұрақ тегін.

Қазір оқып жатыр

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

.

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жедел жәрдем

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

.

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды

СІМ