USD
USD
USD

4 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған ұры ұсталды

Петропавлда полицей төрт миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған ұрыны “ізін суытпай” ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

4 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған ұры ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  22 шілдеде сағат 10 шамасында “Корона” сауда үйінің маңында ұры Петропавл тұрғынының қолынан ақша салынған пакетті жұлып алып, үйлердің арасымен қаша жөнелген. Абдырап қалған әйелдің көмек сұраған даусын қалалық патрульдік полиция батальоны экипажының қызметкерлері естиді. Қызмет инспекторы Асқар Татанов аулалардың бірінде жасырынбақ болған ұрының соңынан жүгірді. Қуғыншыны байқаған қаскөй қолындағы пакетін лақтыра салып, жасырынбақ болды. Алайда, полиция қызметкері қуып жетіп, оны келген жедел-тергеу тобына тапсырды. Төрт миллион теңгеден астам болған пакет бірден иесіне қайтарылды.

– Мен абыржып қалдым. Оқиға орын алғанда, олардың соңынан жүгіре кетіппін. Кейін полицияға хабарласу керек қой деп ойладым. Кері жүгірдім. Әйелдер өз телефонымнан полицияға хабарласуға жәрдемдесті. Полицейлерге алғысым шексіз, – дейді қала тұрғыны.

Тонау фактісі бойынша ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның бұрын бірнеше рет сотталғаны анықталды. Қазіргі уақытта Петропавлдың 34 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов