USD
USD
USD

4 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 4 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. 
4 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: NEGE.kz
 
АЛМАТЫ, NEGE. Қазақстан Республикасының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының өтуіне байланысты Құбылмалы ауа райы сақталады, қар жауып, оңтүстік аймақтарда жауын-шашын, жаңбыр және қар түрінде болады, Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады, жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі. Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі.
 
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың батысында, шығысында, орталығында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Ақмола облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі, түнде басым бөлігінде желдің күшеюі, күндіз шығысында 15-20 м/с күшейюі күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, күтіледі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының батысында, солтүстігі мен шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, түнде шығысында тұман күтіледі, күндіз орталығында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде, тау және таулы аудандарында тұман күтіледі, Алакөл ауданында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстігік-батысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында жел 18 м/с жылдамдықпен соғады.

Түркістан, Жамбыл облыстарында солтүстігінде, батысында, тау және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Қызыолорда облысының орталығында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев