USD
USD
USD

4 геолог жоғалып кетті

Ақтөбеде 4 геолог жоғалып кетті. Кешелі бері олардан хабар болмаған. 

4 геолог жоғалып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 қараша сағат 15:00-ден бастап (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Әйтеке би ауданы, Қайрақты ауылдық округі, Талдық ауылы маңынан 4 геологты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Олар 25 қараша күні сағат 10:30-да Қарабұтақ -Талдық - Қайыңды - Қайрақты ауылары бағыты бойынша «УАЗ» маркалы көлікпен шыққан. Соңғы рет 25 қараша күні сағат 18:00-де Талдық ауылына жете бергенде байланысқа шыққан.

«Бүгінгі күні құрамында 33 адам және 8 бірлік техникадан тұратын 5 іздеу тобы жұмылдырылды. 27-қараша күні сағат 11:00-де авиа іздеу үшін «Қазавиақұтқару» еврокоптері (Ақтөбе-Құмсай-Қайрақты-Қайыңды-Милысай-Аралтоғай) ұшты», – деді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов