USD
USD
USD

4 адамның мәйіті табылды

Шымкентте жеке үйдің ауласындағы көліктен екі адамның мәйіті табылған.

4 адамның мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға орнына жеткен полицейлер үйдің ішінде тағы бір ер адам мен әйелдің мүрдесі жатқанын анықтаған.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық оқиға 12 шілдеде болған.

Кешкі сағат 18:20 шамасында Қарабура көшесінің бойындағы нөмірсіз үйдің алдында белгісіз біреу «Toyota Corolla» маркалы автокөлігінің ішіндегі екі ер адамды атып өлтіргені анықталды. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері оқиға орнын тексеру барысында үйдің қақпасының алдында тұрған көліктен 32 және 40 жастағы екі ер адамның мәйітін тапқан.

Олардың атыс қаруынан жарақат алғаны белгілі болған. Тәртіп сақшылары үйдің ішін тексеріп, 40 жастағы еркек пен 28 жастағы әйелдің денесін тапты.

«Оқиға орнында айғақты зат ретінде екі атыс қаруы, оқ-дәрі және қорғаныс құралы тәркіленіп алынды. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 99 және 287-бабы бойынша іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Казіргі таңда тергеу органы оқиғаның нақты мән-жайын анықтап жатыр. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа деректер жарияланбайды» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов