USD
USD
USD

480 тонна бензинді шекарадан заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Павлодар облысында 480 тоннадан астам жанар-жағармайды «еріткіш» ретінде сыртқа шығармақ болған оқиғаның жолын кесті, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

480 тонна бензинді шекарадан заңсыз өткізбек болғандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұнай саласы ел экономикасының басым бөлігін құрайды. Осы саладағы көлеңкелі айналым неғұрлым көп болса, мемлекет бюджетіне соғұрлым аз қаражат түседі. Қаржылық мониторинг агенттігі мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізуде.

Агенттіктің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстаннан Ресей Федерациясына 480 тоннадан астам АИ-92 маркалы бензинді заңсыз тасымалдау дерегінің жолын кесті.

Тергеу барысында ЖЖМ-ды «еріткіш» түрінде теміржол цистерналары арқылы тасымалдау жоспарлағаны анықталды. Бензинді сату келісімшартының жалпы сомасы 2,8 млрд теңгені құрайды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе