USD
USD
USD

470 млн теңге болатын шаяндарды Қытайға алып өтпек болғандар сотталды

  Алматыда құны 470 миллион теңге болатын артемия салина шаяндарын контрабандалық жолмен Қытайға алып өтпек болғандар сотталды.

470 млн теңге болатын шаяндарды Қытайға алып өтпек болғандар сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың екеуі Қазақстан, біреуі Қытай азаматы. Сот үкімімен олар 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Артемия салина шаяны тұзды су қоймаларда тіршілік етеді. Артемия цистасы балық және құс шаруашылығында, сондай-ақ фармакология мен косметологияда жоғары бағаланады. Қылмыстық топ Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынған биоресурстық тауарлардың 400 тоннадан астамын алып өтпек болған.

Қалалық экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі Жақсылық Мырзахан: "Аталған азаматтарға қатысты Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілген болатын. Яғни бұл экономикалық контрабанда. Және трансұлттық қылмыстық топты құру немесе оған қатысу және жалған кәсіпкерлік баптарымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп, одан кейін сотқа жолданған болатын" деді.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян