USD
USD
USD

47 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған: Ғылым саласына жүргізілген аудит қандай кемшіліктерді анықтады?

Ғылым саласына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар 47 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланып, пайдаланылған. Әкімшілік шара қолдану үшін 36 факт бойынша материалдар уәкілетті органдарға жолданды.

Әлихан Смайылов
Фото: Мәжіліс

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Құрылтайда ғылым саласындағы мемлекеттік аудит қорытындыларын таныстырған жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Үш жылда ғылым саласын қаржыландыру көлемі 122 млрд теңгеден 262 млрд теңгеге дейін екі еседен астам өскенімен, аудит нәтижелері ғылым саласында әлі де бірқатар жүйелі мәселе мен кемшіліктер бар екенін көрсеткен.

«Ғылымның ұлттық экономикадағы үлесі әлі де төмен деңгейде қалып отыр: жалпы ішкі өнімнің 0,16%-ына тең, ал нысаналы көрсеткіш – 1%. Бұл ретте саланы қаржыландырудың өсуі негізінен мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік қаржыландырудың үлесі 55%-дан 82%-ға дейін артқан. Бұл бизнес тарапынан ғылыми әзірлемелерге сұраныстың төмен екенін және оның зерттеулерді қаржыландыруға қатысуы шектеулі екенін көрсетеді», – деп мәлімдеді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.

Сондай-ақ 2023-2025 жылдары бекітілген 393 ғылыми-техникалық тапсырмаға 67 млрд теңге қаражат қарастырылғанымен оның 149-ы орындалмаған.

Бұдан бөлек, аудиторлар жобаларды іріктеу кезінде мүдделер қақтығысы тәуекелдері сақталып отырғанын атап өтеді. Атап айтқанда, ғылыми кеңестердің 225 мүшесінің 84-і жалпы сомасы 52 млрд теңге болатын 127 жоба бойынша зерттеу топтарының құрамына кірген. Ал 27 мүшесі жобалардың ғылыми жетекшісі болған.

«16 млрд теңге болатын 176 жоба бойынша түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының мониторингі жобалардағы кемшіліктерді анықтағанымен, тиісті шешімдер қабылдауға негіз болмаған. 2025 жылы мониторинг 2 мыңнан астам ғылыми жоба мен коммерцияландыру жобасын қамтып, 3 млрд теңгеден астам сомаға бұзушылықтар анықталған. Алайда ұлттық ғылыми кеңестер бұл мәселелер бойынша тек ақпаратты назарға алумен шектелген», – деді Әлихан Смайылов.

Палата төрағасының мәлімдеуінше, аяқталған 141 жобаның ішінде қаржы көлемі 22 млрд теңге болатын 103 жоба өнім өндіру мен сату көлемі бойынша күткен нәтижелерге қол жеткізбеген.

Әлихан Смайылов бұл мәселелер бойынша Үкіметке тиісті ұсынымдар беріліп, жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар жүктелгенін атап өтті. Бұл жұмыстардың орындалуын аудиторлық палата бақылауда ұстамақ.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайында адам қаза тапты

Алматы әуежайы

Көкшетаудағы екі сот қызметкерінің өлімі арасында байланыс бар-жоғын полиция тексеріп жатыр

Ақан Дайыркен мен Аян Дүйсеков

Назарбаевтар отбасымен құдандалы болған экс-премьер түрмеден үйқамаққа ауысты

Наджиб Разак

«Күйеуім сектаның ықпалынан шыға алмай жүр»: Нұртас Адамбайдың жұбайы дабыл қақты

Нұртас Адамбай мен жары Ғалия