Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Коронавируспен күреске 46 мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылған

 Денсаулық сақтау жүйесінің барлық әлеуеті коронавирус инфекциясымен күресуге бағытталған. Бұл туралы депутат Тұрғын Сыздыковтың депутаттық сауалына орай ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминның берген жауабында айтылған.

Коронавируспен күреске 46 мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Эпидемияға қарсы іс-шараларға 46 мыңнан астам медицина қызметкерлері тартылды. Енгізілген қатаң шектеу шараларының арқасында КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтандырылды, медициналық ұйымдарға жүктеме айтарлықтай төмендеді. Қазіргі уақытта инфекцияның тәуліктік өсімі 0,07%-ға дейін төмендеді, науқастардың 95%-ы сауығып кетті, төсек-орын жүктемесі 12%-ды құрайды», - деп жазды Асқар Мамин депутаттық сауалға. Оның айтуынша, Үкімет күзгі-қысқы кезеңдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, КВИ толқынына қатысты кешенді шаралар қабылдауда.

«Жыл соңына дейінгі жеке қорғаныс құралдарының қоры құрылды, ПТР тестілеу әлеуеті тәулігіне 43 мыңға дейін ұлғайтылды (қажет болған жағдайда күніне 60 мыңға дейін ұлғайтылады). Биылғы қазан айында 3100 орындық 15 модульді жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға беріледі. Қажет болған жағдайда стационарлар қайта бейімделіп, инфекциялық төсек-орын саны 51 мыңға дейін кеңейеді. Медициналық көмекті әсіресе ауылдарда қолжетімді ету үшін қосымша 100 жылжымалы медициналық кешен, 53 рентген-аппарат, 2700 өкпені жасанды желдету аппараты, 64 оттегі станциясы сатып алынады, қарашаға дейін 807 жедел жәрдем автомашинасы жеткізіледі», - дейді Асқар Мамин.

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның қазасы: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия Президентіне жойқын жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты

жер сілкінісі

Жас ғалымдарға арналған баспана мен мүмкіндіктер: Семейде «Әділет» партиясының бастамалары талқыланды

«Әділет» партиясы

«Құрылтайға жол» жеке бастамасы ортақ іске айналуда

Меңдібай Әлімғазинов