USD
USD
USD

4,6 мыңнан астам адам жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүріп келген

 Ішкі істер министрлігі азаматтығы анықталмаған адамдарды анықтау және құжаттандыру науқаны кезінде 4 686 тұрғынның құжатсыз күнелтіп жүргенін анықтады.

4,6 мыңнан астам адам жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүріп келген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Адам құқықтарының заңдылығын сақтау жөніндегі халықаралық бюро» және «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» акционерлік қоғамымен бірлесіп азаматтығы анықталмаған адамдарды анықтау және құжаттандыру бойынша ауқымды сәйкестендіру науқанын жүргізген болатын. Көші-қон қызметі комитетінің бөлім басшысы Ғани Шымырбаев осы науқанның алғашқы қорытындысын жариялады. «Акцияның мақсаты – Қазақстан Республикасының аумағында құжатсыз немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен тұратын адамдар ішкі істер органына жүгінуге құқылы екенін қоғамға жеткізу. Құжатсыз адамдардың көбі ТМД елдерден жарамсыз паспорттармен келген немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорт иелері», - дейді Ғани Шымырбаев.

Науқан нәтижесінде 4 686 құжатсыз адам анықталған. Олардың көпшілігі – Алматы (599), Қарағанды (541), Түркістан (426) Ақмола (326), Жамбыл (350) және облыстарында тұрады. Оның ішінде 2 431 адамға ҚР азаматының құжаты, 977 тұлғаға азаматтығы жоқ адамның куәлігі берілді. Кейін олар азаматтық та алады. «Құжатсыз тұратын адамдарды анықтау бойынша Үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен науқан жұмысы аяқталғанына қарамастан, аумақтардағы көші-қон қызметі бөліністері құжаттандыру жұмысын тұрақты негізде жүргізе береді», - деді Ғани Шымырбаев.

Қазір оқып жатыр

Қаракемердегі жасөспірімдер қазасы: ІІМ бес қылмыстық іс тіркелгенін растады

.

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

таза

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

балта

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?

forte