USD
USD
USD

46 адам Қазақстан мен Ресейден қатар зейнетақы алып отырған

  Қазақстанда тұрып, Ресейдің зейнетақысын, кейін жасы келгенде Қазақстаннан да зейнетақы алып отырған 46 адам анықталды.

46 адам Қазақстан мен Ресейден қатар зейнетақы алып отырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың алтауы 18 миллион теңгені кері қайтарды. Қазақстан заңнамасына сәйкес «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздардыру туралы» Заңы басшылыққа алынады. Сонымен бірге мемлекетаралық келісімшарттар да бар. 2019 жылы РФ зейнетақы қоры мен «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арасында келісім жасалып, екі ел аумағында зейнетақы алып отырған адамдарға тексеру жүргізілді. Тексеруден соң облыста 46 адамның қосарлы зейнетақы алғаны анықталды.

«2020 жылдан бастап сотқа дейінгі келісім жүргізілді. Яғни, екі елден зейнетақы алып отырған адамдар өз еркімен ақшаны қайтаруы тиіс. Қазіргі кезде 6 адам ерікті түрде ақшаны қайтарды. Ол 18 миллион теңге болады. Өзге 40 адамның мәселесі сотқа жүгіну арқылы ғана шешілмек», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Мажитов. Айта кетейік, қосарлы зейнетақы алып отырған адамдар Ресейден алған зейнетақыны кері қайтарған соң тек бір елден зейнетақы алу жұмысы нақтыланды. Қазір алты ақтөбелік Қазақстан заңнамасымен зейнетақы алып отыр.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама