Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

45 баладан мультисистемалық қабыну синдромы анықталған

Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен қазіргі эпидемиологиялық жағдай және қабылданып жатқан карантиндік шаралар туралы онлайн брифингіде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

45 баладан мультисистемалық қабыну синдромы анықталған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мультисистемалық қабыну синдромы анықталған балаларға тоқталып өтсем: бүгінгі таңда 45 жағдай тіркелген. Жас ерекшелігі бойынша, екі бала 1 жасқа толмаған. 1-5 жас аралығында – 11 бала, 5-17 жасқа дейін – 28 бала тіркелді. Өкінішке орай, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2 бала қайтыс болды», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов. Оның айтуынша, ең көп жағдай елордада тіркеліп отыр. «Елордада 11 бала, Ақмола және Қарағанды облыстарында, Алматы қаласында - 5 жағдай, ШҚО-да және Шымкент қаласында - 3 жағдай, Ақтөбе, Атырау өңірлерінде тағы да 2 жағдайдан, Алматы қаласы, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облысында бір жағдайдан тіркеліп отыр. Қазіргі уақытта 38 бала жазылып шықты. Біреуі стационарда әлі де емделуде», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі